Премияға кімдер, қандай жас категориясы қатыса алады?
Премияға 14-18 жас аралығындағы, айқын көшбасшылық қасиеті, белсенді өмірлік ұстанымы, өзін-өзі дамытуға ұмтылысы, ұжымда жұмыс істеуге ұмтылысы бар жастар қатыса алады.
Портфолиоға бағалауды кім жүргізеді?
Премияға ұсынылған материалдар мен қатысушыларды іріктеуді Ұйымдастырушы бекіткен сараптама комиссиясы жүргізеді. Комиссия үміткердің портфолиосына сараптамалық талдау жүргізеді, сараптама негізінде қатысушы Премияға қатысу барысында жетістікке жетуге бағдарланады.
Премияға қатысушыларды іріктеудің нәтижесі қайда және қашан жарияланады?
Іріктеу нәтижесі ресми https://premia.elumiti.kz/ сайтында биылғы 15 қарашадан кешіктірілмей жарияланады.
Мен 7 бағыт бойынша жартыжылда өзімді дамытып, Тізімде көрсетілмеген ұйымдардан өте аламын ба?
Жеке даму жоспарын жасау кезінде қатысушыға Тізімде көрсетілмеген басқа курстардан өту құқығы беріледі. Даму жоспарына өзгерістер ұйымдастырушының келісімі бойынша ғана енгізіледі.
Мен неше сертификат жүктеуім керек?
I кезең барысында қатысушы жеке кабинетіне жеке даму жоспарын іске асыру барысында өзінің табысы мен жетістіктерін растайтын ресми құжаттарды жүктейді( барлық бағытты қамтитын кемі 12 сертификат болуға тиіс)
WhatsApp